ACT деген не? Education USA

ACT деген не?

ACT деген не?

ACT (American College Testing) – оқушылардың мектепті аяқтағаннан кейін білімін бағалауға және жоғары оқу орнына түсуі үшін өткізілетін АҚШ-тағы стандартталған тест. Тестілеуді коммерциялық емес ACT, Inc ұйымы өткізеді.

Тестілеуді кім ұйымдастырды?

Бұл тест алғаш 1959 жылы College Board’s Scholastic Aptitude Test (қазір SAT деген атпен белгілі) деген басқа тестке балама ретінде енгізілді.

Алдымен ACT ағылшын, математика, әлеуметтік ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары деген төрт бөлімнен тұрған. 1989 жылы әлеуметтік ғылымдар бөлімі ішінде «Әлеуметтік ғылымдар» қамтылып қойылған «Оқу» (Reading) бөліміне ауыстырылды, ал жаратылыстану ғылымдарының атын мәселелерді шешуге және логиканы дамытуға бағытталған тапсырмаларды қамтитын Science Reasoning Test деп өзгертті.

2015 жылдың көктемінен бастап ACT-ді компьютерлік тест түрінде тапсыруға болады. Алайда кейбір мектептер толығымен компьютерлік тестілеу форматына көшуге әлі дайын емес. Оларға тестті стандартты қағаз түрінде тапсыруға болады.

Қалай тіркелуге болады?

Интернет арқылы тіркелу бұның ең жылдам әдісі болып табылады, әрі ол сізге жақын орналасқан тестілеу орталығын тауып, тестке жазылу үшін ондағы бос орындарды тексеруге мүмкіндік береді. Тіркелу үшін сіз тест сайтында тіркеулік жазба құрып, жақын орналасқан тестілеу орталығын таңдауыңыз керек.

Тіркелу арқылы сіз дереу онлайн-парақтан басып шығаруға болатын жеке кіру билетін (admission ticket) ала аласыз.

Егер сіз 13 жасқа толмаған болсаңыз немесе кредит картасымен тестілеуге төлей алмасаңыз, тіркелу электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Тесттің бағасы қандай?

Жазбаша бөлімнің құнын қоспағанда тестілеудің бағасы $150.00 құрайды.
Егер оқушы ACT Plus Writing таңдаса, яғни тестілеуді жазбаша бөлімді қосып тапсырғысы келсе, онда төлем $166,50 құрайды. Алайда егер сіз ACT Plus Writing туралы шешіміңізді соңғы сәтте өзгертетін болсаңыз, жазбаша бөлім үшін $16,50 сізге қайтарылуы мүмкін.

Тестілеу нәтижелерін құжаттарды тапсырғыңыз келетін 4 жоғары оқу орнына жіберуге болады.

Тесттің құрамы қандай?

ACT тесті жазбаша бөлімді тапсыру-тапсырмауға байланысты екі түрлі болуы мүмкін. No Writing ACT тестінде төрт бөлім болады және олардың әрқайсысы бірнеше жауаптың ішінен дұрысын таңдаудан (multiple-choice tests) тұрады. ACT Plus Writing тестінде сол төрт бөлімге бесінші, жазбаша бөлім қосылады.

ACT тестін тапсырған кезде сіздің балыңыз дұрыс жауаптар санына негізделіп саналатынын есте ұстаған жөн. Дегенмен дұрыс емес жауап үшін не болжам үшін сіз ұпайдан айырылмайсыз. Сондықтан тесттің барлық сұрақтарына жауап беру маңызды.

Жалпы тестілеу уақыты қанша?

Тестілеу шамамен 3-4 сағат өткізіледі.

Нәтижелер қалай анықталады?

Тестті бағалау шкаласы 1-ден 36 баллға дейін болады және тесттің барлық төрт бөлігінің орташа арифметикалық мәніне тең. Нәтижелер тесттен кейін 2 аптадан кейін белгілі болады, бірақ бұл процесс ең көбі 8 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Тестілеу күні өзіңізбен бірге не әкелу керек?

  1. Паспорт
  2. Тестке тіркелу кезінде алған және веб-беттен бірден басып шығаруға болатын Admission ticket.

ACT тестілеуі туралы көбірек ақпарат

Тестілеу сайтына өту