Сіз бұрыннан бері ағылшын тілін оқып, Америкаға баруды армандадыңыз ба? Табыстың негізі - бұл әрі қарай жұмысқа орналасуға әкелетін сапалы білім. Американдық колледждер мен университеттер - әлемдегі ең жақсы оқу орындарының бірі. АҚШ-та білім алу - бұл ең алдымен бедел мен ерекше білім алу, американдық мәдениетке ену және жаңа пайдалы байланыстар алу мүмкіндігі.
Американдық колледждер мен университеттерге оқуға дайындық кем дегенде бір жылға созылады, сондықтан орта мектепте оқыған кез - бастауға өте жақсы уақыт. Оқуға түсу процесі қазақстандық университеттерден ерекшеленеді, сондықтан біршама қиын болып көрінуі мүмкін. Алайда, алаңдамаңыз! EducationUSA АҚШ-тағы колледждер мен университеттерге шетелдік студенттердің қабылдануы туралы барлық ақпаратты жедел түрде береді немесе барлық оқуға түсу процесінде үнемі кеңес пен қолдау көрсететін бірқатар дайындық бағдарламаларын ұсынады.
Даярлықтан басқа, қысқа мерзімге арналған EducationUSA Academy бағдарламасы американдық мәдениетпен тікелей танысуға және ағылшын тілінің тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Әлде күтпей-ақ қойсаңыз да болады! 8 - 10 сынып оқушылары FLEX немесе Америкадағы орта мектеп бағдарламасында өз күштерін сынап, американдық мектепте бір жыл оқу мүмкіндігіне ие болады!