Докторантура - EducationUSA Қазақстан

Докторантура

Докторантура

1876 ​​жылы бүкіл адамзат үшін бетбұрыс болды, өйткені сол кезде Александр Белл телефонмен сөйлесуді алғаш рет көпшілікке көрсетті. 1902 жылы Уиллис Карьер электр желдеткішін ойлап тапқан кезде ыстық елдерде тұратын миллиондаған адамдардың өмірін жақсартты. 1969 жылы Чарли Кейн мен Билл Дувалл қашықтықтан сәтті байланыс орнатып, Интернетті бастады. Осы өнертапқыштардың барлығы американдық университеттерде оқыған немесе сабақ берген, олар зертханалардың ресурстарын пайдаланып, өз тәжірибелерін өткізген де, тарихта өз іздерін қалдыруға көп күш салған. Сіз бұл тізімді өз жетістіктеріңізбен толықтыруды жоспарлап отырсыз ба? Американдық университеттер сіздің зерттеу мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі.

Ғылыми мансаптың басталуы

Америка Құрама Штаттары докторантураға түсетін студенттер үшін ғылымның шексіз әлемін ашады. Егер сіз өзіңіздің өміріңізді осыған арнайтындығыңызды нақты түсінетін болсаңыз, сізге магистр дәрежесін алудың қажеті жоқ. Себебі магистратура мен докторантураны бір уақытта қамтамасыз ететін біріктірілген докторлық бағдарламалар бар. Ал магистр дәрежесін алғандар үшін АҚШ-та докторантураға түсу ғылыми мансаптың дамуындағы қисынды қадам болып табылады.

Докторантураға құжаттарды тапсыру процесі таңдалған кафедраның ғалымдарымен белсенді қарым-қатынасты қамтиды. Себебі докторанттарды қабылдау туралы шешім қабылдауға әлеуетті ғылыми кеңесшілер айтарлықтай әсер етеді. Докторантураның ұзақтығы жеке анықталады, бірақ орташа есеппен 5-6 жылға созылады.

АҚШ колледждері мен университеттері әртүрлі типтегі докторлық бағдарламаларды ұсынады. PhD (Doctor of Philosophy) - ең көп таралған, дегенмен бар болған жалғыз біліктілік емес. PhD дәрежесі философия докторы дегенді білдіргенімен, бұл дәрежені кез-келген салада алуға болады. Басқа да белгілі бір бағытты зерттеуге көбірек үңілген бағдарламалар бар, сондықтан олар тиісті атауларын алды. Біз бірнеше негізгі мысалдарды қарастырайық.

Докторантураның түрлері

DBA (Doctor of Business Administration) - бұл бизнес және менеджмент саласындағы мамандар үшін мамандандырылған докторлық дәреже. Көптеген DBA бағдарламалары өз мамандықтары бойынша жұмыс істегісі келетін және ғылыми зерттеулермен айналысқысы келетін студенттерге арналған. Кейде олардың зерттеулері өздері жұмыс істеп жүрген компанияның мәліметтеріне негізделеді. Осылайша, мұндай кестеге бейімделу үшін DBA-лар көбінесе толық емес жұмыс күндерін ұсынады. Дегенмен бұндай сценарий виза талаптарына сәйкес шетелдік студенттерге жарамайды, сондықтан DBA таңдау кезінде бағдарлама күндізгі оқу нысанын ұсынатындығына назар аудару керек.

EdD (Doctor of Education) - бұл білім беру саласындағы тәжірибелі оқытушылар мен мамандарға арналған докторлық бағдарлама. Аталмыш дәрежеге үміткерлер көбінесе өздерінің кәсіби қызметін осы салада жалғастыруды жоспарлайды, ал PhD докторантурасының зерттеушілері ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөледі.

MD (Doctor of Medicine) - медицина саласындағы докторлық дәреже. АҚШ-та медицина саласында бакалавр дәрежесі жоқ, сондықтан осы бағытта алуға болатын жалғыз американдық дәреже болып табылады. Медициналық мансапта болғысы келетін студенттер алдымен ғылым бакалавры (BS) дәрежесін алу керек. Әдетте мамандыққа нақты талаптар қойылмайды, бірақ химия, биология және физика сияқты пәндерді оқу міндетті. Болашақ дәрігерлер одан әрі мамандандыруда жетістікке жету үшін "pre-med school" бағдарламасы бойынша, яғни медицина мектебіне дайындалудан пайда көреді деген көзқарас кеңінен таралған. Алайда, бұл жеке дәреже емес екенін түсіну керек, ол студент докторантураға түсуге ниет білдіргенде және бакалавриаттың соңғы екі жылындағы тиісті курстарды таңдағанда қолданылады. Бакалавриаттан кейін болашақ дәрігерлер төрт жылға созылатын MD докторлық дәрежесін алуы керек. Теория алғашқы екі жыл бойы зерттеледі, келесі екі жыл тәжірибелі дәрігерлердің жетекшілігімен медициналық мекемелерде тәжірибеге арналған.

Dsc / ScD (Doctor of Science) - STEM саласындағы докторлық бағдарлама. Бұрын ScD дәрежесі PhD дәрежесіне қарағанда беделдірек болып саналатын және ғалымдар оны мансаптың кейінгі кезеңдерінде алатын еді. Қазір екі деңгей көптеген институттарда бірдей деп саналады, ал кейбір институттар ScD мен PhD арасында таңдауға мүмкіндік береді. Дегенмен әдетте ScD алу үшін ғылыми басылымдардың әлдеқайда кең портфолиосы қажет.

Optional Practical Training

АҚШ-та оқу кәсіби тәжірибе алу мүмкіндігінің арқасында тартымды. Оқу барысында американдық жоғары оқу орындарының студенттері кампуста аптасына 20 сағатқа дейін жұмыс істеуге немесе тәжірибеден (Curricular Practical Training) өту мүмкіндігін алады. Докторанттар негізінен оқытушы немесе зерттеуші ретінде жұмыс істейді. Докторантурада оқығаннан кейін сіз Optional Practical Training (OPT) деген «аспирантурадан» өтуге бір жылға рұқсат ала аласыз. STEM студенттері 24 ай бойы тәжірибелерін жалғастыра алады.

Дайындық

Университетті қалай таңдауға болады?
Университетті қалай таңдауға болады?
АҚШ жоғары білімін қаржыландыру
АҚШ жоғары білімін қаржыландыру
Транскрипттер
Транскрипттер
Көбірек көрсету
Барлық кеңестер

АҚШ-та оқуға деген қызығушылық

АҚШ-тағы лингвистикалық білім: бағдарламалар, талаптар мен мүмкіндіктер
АҚШ-тағы лингвистикалық білім: бағдарламалар, талаптар мен мүмкіндіктер
Білім, практика, зерттеу: АҚШ-тағы биотехнологиялық білім
Білім, практика, зерттеу: АҚШ-тағы биотехнологиялық білім

FAQ

Liberal arts college (гуманитарлық өнер колледжі) дегеніміз не?

Осы типтегі оқу орнындарында негізгі оқу жүктемесі гуманитарлық, тілдік, математикалық, әлеуметтік және жаратылыстану пәндерінен тұрады.

Колледж бен университеттің айырмашылығы неде?

Айырмашылық тек атында.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге жазу

Біз АҚШ-та білім беру туралы кез келген сұраққа қуана жауап береміз.

Получить консультацию
Кеңес алу

Біз сізге онлайн кеңес беру арқылы сұрақтарыңызды шешуге көмектесеміз