USMLE деген не? EducationUSA

USMLE деген не?

USMLE деген не?

ECFMG (Шетелдік медициналық бітірушілерге арналған білім беру комиссиясы) – 1956 жылы әртүрлі медициналық бағдарламалар арқылы шетелдік медициналық студенттердің білімін бағалау үшін құрылған білім беру кеңесі. Осындай бағдарламалардың бірі – USMLE (United States Medical Licensing Examination). Медициналық лицензияларға жауап беретін АҚШ мемлекеттік органдары медициналық тәжірибе жүргізуге лицензия алғысы келетін немесе білім алуды АҚШ-та жалғастырғысы келетін студенттер USMLE тестілеуінен өтуді талап етеді.

USMLE (Америка Құрама Штаттарының медициналық лицензиялық сараптамасы) – АҚШ-та медициналық практикаға лицензия алғысы келетін медициналық қызметкерлерге / студенттерге арналған тестілеу.

USMLE дәрігердің білімін, тұжырымдамалары мен қағидаларын іс жүзінде қолдана білуін, сондай-ақ пациентке күтім жасаудың негізгі дағдыларын бағалайды. Тестілеу үш бөлімнен (Steps) тұрады, олардың әрқайсысы бірін-бірі толықтырып, лицензия алу үшін қажет болады.

Сипаттамасы

«Step 2 CS» тестілеуі науқастың диагностикасы мен емделуіне, сондай-ақ басқа медициналық персоналмен байланысқа қажетті клиникалық және сөйлеу дағдыларын бағалауға арналған.

Step 2 CS терапевттің стационардағы әдеттегі бір жұмыс күнін модельдейді. Бұл тестті тапсыратын адам қарапайым «пациенттерді» тексереді. «Науқастарды» тексеруден кейін студент медициналық анықтаманы, сырқатнаманы, пациентті қарау нәтижелерін және т.б. толтырады. Сондай-ақ, студент пациенттің сұрақтарына жауап беріп, қажет болған жағдайда кеңестер беруі керек. Әрбір студент диагнозды және қажет болған жағдайда пациентті емдеудің келесі әрекеттерін жасайды. Науқастардың таңдалған сипаттамалары нақты өмірде жиі кездесетін жалпы сипаттамаларға сәйкес келеді.

Кесте

Студенттің емтиханды тапсыру үшін тіркелген күннен бастап 12 ай уақыты болады. Сайттан студент тестілеуді өткізу күні мен орнын таңдай алады.

Клиникалық дағдылар мен қабілеттерді бағалау орталығы

Step 2 CS АҚШ-тағы бірнеше аймақтық тестілеу орталықтарында қол жетімді болады. Бұл аймақтық орталықтар Атланта (Джорджия), Чикаго (Иллинойс), Хьюстон (Техас), Лос-Анджелес (Калифорния) және Филадельфияда (Пенсильвания) орналасқан. Студент аймақтық тестілеу орталығын оның қол жетімділігін ескере отырып таңдай алады (таңдаған орталықта жоспарлаған күні бос орындар бар ма екенін тексеру керек).

USMLE тестілеуі туралы көбірек ақпарат

Тестілеу сайтына өту