PTE деген не? Education USA

PTE деген не?

PTE деген не?

PTE – бұл компьютерлік форматта өткізілетін, ағылшын тілінің деңгейін анықтауға арналған жетекші тест. Әдетте PTE нәтижелері тестілеуден кейін бес жұмыс күн ішінде белгілі болады.

Пішімі

Тест үш негізгі бөлімнен тұрып, 3 сағатқа созылады: ауызша және жазбаша дағдылар (бірінші бөлім), тыңдау (екінші бөлім) және оқу (үшінші бөлім). Жалпы алғанда, тапсырмалардың жиырма түрі бар: бірнеше жауаптың ішінен дұрысын таңдаудан басталып, эссе жазу мен ақпаратты түсіндірумен бітеді.

PTE нақты академиялық оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрамына негізделген. Тест барысында сіз әр түрлі екпінмен айтылған дәрістерден үзінділерді естисіз және сізге нақты ғылыми кестелер мен диаграммалар беріледі.

Бағалау

Студент 10 балдан 90 баллға дейін жинай алады.

Әдетте тест нәтижелерінің дайындығы туралы сізге электронды пошта арқылы хабарланады, содан кейін сіз өзіңіздің тіркеу жазбаңызға кіріп балдарыңызды тексере аласыз.

Тіркелу

PTE тапсыруға болатын аймақтық орталықтар әлемнің елу елінде орналасқан. Барлық қол жетімді орталықтарды мына сілтемеден көре аласыз.

PTE тестілеуі туралы көбірек ақпарат

Тестілеу сайтына өту