GRE деген не? Education USA

GRE деген не?

GRE деген не?

Graduate Record Examination (GRE) – АҚШ-та магистратураға түсуге қажет стандартталған тест. Тестті 1949 жылы TOEFL тестін өткізетін Educational Testing Service құрды. Тесттің мақсаты – математикалық (Quantitative Reasoning), тілдік (Verbal Reasoning) және аналитикалық (Analytical Writing) дағдыларды тексеру.

Тест құрылымы

Тесттің ұзақтығы – шамамен 3 сағат 45 минут. Тест 3-бөлімнен кейін болатын 10 минуттық үзіліс пен 6 бөлімнен тұрады. Тест әрқашан Analytical Writing бөлімінен басталады. Басқа бөлімдер кездейсоқ ретпен келеді.

GRE тест бөлімдері

Verbal Reasoning – үміткердің жазбаша материалды талдау және бағалау, одан алынған ақпаратты синтездеу, сөйлем компоненттерінің арасындағы қатынасты талдау және сөздер мен ұғымдар арасындағы қатынасты тану қабілеттерін бағалау.

Quantitative Reasoning – үміткердің есептерді шығаруға, арифметика, алгебра, геометрия және деректерді талдауға қатысты негізгі ұғымдарға назар аудару қабілеттерін бағалау.

Analytical Writing – үміткердің сыни ойлау мен аналитикалық жазуға, атап айтқанда күрделі идеяларды нақты және нәтижелі тұжырымдай және қолдай білу қабілетін бағалау.

Бөлім Сұрақтар саныБерілген уақыт
Analytical Writing
(Екі бөлімнен тұрады, әрқайсысына өз уақыты беріледі)
Бір тапсырма «Сұрақты талдау» және бір тапсырма «Аргументті талдау»Әр тапсырмаға 30 минут
Verbal Reasoning
(Екі бөлім)
Әр бөлімде 20 сұрақБөлімге 30 минут
Quantitative Reasoning
(Екі бөлім)
Әр бөлімде 20 сұрақБөлімге 35 минут
Бағаланбайтын (1)АуыспалыАуыспалы
Зерттеу (2)АуыспалыАуыспалы

1 – Бағаланбайтын белгісіз бөлімде үміткердің нәтижесі ескерілмейді, және ол Аналитикалық жазу бөлімінен кейін еркін реттілікпен енгізілуі мүмкін. Бұл бөлімдегі сұрақ болашақ тесттерде қолдануға немесе бағалау шкаласы тесттің алдыңғы нұсқаларына сәйкес келетініне көз жеткізуге арналған.

2- Кандидаттың нәтижесі ескерілмеген, белгісіз зерттеу бөлімі бағаланбайтын бөлімнің орнына енгізілуі мүмкін. Зерттеу бөлімі әрқашан тест соңында келеді. Осы бөлімнің сұрақтары ETS-тің зерттеу мақсатына арналған.

Ұпайлар

БөлімҰпайлық шкала
Verbal Reasoning130-170, 1 ұпайлық қадаммен
Quantitative Reasoning130-170, 1 ұпайлық қадаммен
Analytical Writing0-6, 0,5 ұпайлық қадаммен

Егер үміткер бөлімде бір де бір сұраққа жауап бермесе, осы бөлім үшін ол No Score (NS) алады.

Тест нәтижесі 5 жыл ішінде жарамды болады.

Тесттің құны – 205 АҚШ доллары (салықтар мен комиссияларды қоспағанда).

GRE тестілеуі туралы көбірек ақпарат

Тестілеу сайтына өту