MCAT дегеніміз не?

MCAT дегеніміз не?

MCAT – Medical College Admission Test дегеннің қысқартылған атауы . Бұл АҚШ медицина мектебінде оқығысы келетіндерге арналған емтихан.

MCAT – бұл бірнеше жауаптардан дұрысын таңдауға арналған сұрақтары бар стандартталған тест. Ол болашақ студенттің дағдыларын, атап айтқанда: күрделі мәселелерді шешу қабілеті, сыни ойлау қабілеті және медицинаны зерделеудің алғышарты болып табылатын жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдарды білуін бағалайды.

АҚШ медициналық мектептерінің барлығы дерлік MCAT нәтижелерін талап етеді. Емтиханның нәтижелері үш жылға жарамды екенін ескерген жөн.

Пішімі

Тест төрт бөліктен тұрады, олар бірнеше жауаптан дұрысын таңдау сұрақтарын қамтиды:

  • Тірі жүйелердің биологиялық және биохимиялық негіздері.
  • Биологиялық жүйелердің химиялық және физикалық негіздері.
  • Мінез-құлықтың психологиялық, әлеуметтік және биологиялық негіздері.
  • Сыни талдау және дәлелдеу дағдылары

MCAT тапсырған студент төрт бөлімнің әрқайсысында 1-ден 15 баллға дейін жинай алады. Түпкі нәтиже – барлық бөлімдердің қосындысы.

Нәтижелер тесттен 30-35 күн өткен соң белгілі болады. Студент бұл ақпаратты MCAT ресми веб-сайтында «Тестілеу баллдарын алу» («Get Your Test Scores») бөліміне өту арқылы біле алады.

Сынақ нәтижелері Америка Құрама Штаттарының медициналық мектептері қауымдастығымен құрылған Американдық медициналық қабылдау комиссиясына (AMCAS) автоматты түрде жіберілетінін ескерген жөн. Сол үшін сіз таңдаған факультетке нәтижелерді уақтылы жіберу туралы алаңдамауыңызға болады. Дегенмен бұл сізге ұнамайтын немесе төмен бал жиналған нәтижелерді жасыра алмайтыныңызды да білдіреді.

Тіркелу және төлеу

Тіркелу процесі өте қарапайым және ресми тестілеу сайтында өтеді. Тесттің бағасы сіз алдын-ала әлде кеш тіркелуіңізге байланысты 315-370 долларды құрайды. Сондай-ақ, тестке тіркеуден бас тарту мен тестілеу күнін басқа күнге ауыстыру үшін қосымша ақы төлеуіңіз керек болады. Интернет арқылы кредит картасымен төлеуге болады.

MCAT тестілеуі туралы көбірек ақпарат

Тестілеу сайтына өту