АҚШ-тағы жоғары білім өмірге ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады. Американдық жоғары сапалы білім қымбат болғанымен, болашағын мұқият жоспарлаған өршіл студенттер қаржыландырудың түрлі көздерін қарастыра отырып, шығындарды едәуір азайта алады.
Қаржыландырудың негізгі көздеріне АҚШ университеттері мен колледждері, АҚШ үкіметі, үкіметтік емес ұйымдар, қорлар, американдық пен халықаралық кәсіби және ғылыми бірлестіктер кіреді. Сонымен қатар, әрқашан бизнес өкілдері мен жеке демеушілермен хабарласу мүмкіндігі бар.
Егер сіз АҚШ-қа диплом алу үшін емес, ғылыми зерттеулер немесе біліктілікті арттыру үшін барғыңыз келсе, онда көптеген шәкіртақылық бағдарламалар бар. Бұл бөлімде сіз ТМД студенттеріне арналған бірнеше университетті, сонымен қатар университеттердің шәкіртақыларын таба аласыз.