АҚШ жоғары оқу орындарына түсу шамамен бір жылға созылады және 5 кезеңнен тұрады
1-қадам: Университетті табу
Алдымен түскіңіз келетін ЖОО тізімін жасаңыз. Білім деңгейіне, бағдарламасына, оқуға түсу талаптары мен қаржыландыру шарттарына сәйкес ең қолайлысын таңдаңыз. АҚШ-та 4000-нан астам аккредиттелген жоғары оқу орны бар, сондықтан мүмкін нұсқаларды егжей-тегжейлі зерделеп, сізге сәйкес келетін университеттерді анықтау маңызды.
2-қадам: Білім беруді қаржыландыру
АҚШ университеттерінде оқу құны және қаржылық көмек алу мүмкіндігі өте әр түрлі, сондықтан сіздің біліміңізді қаржыландыру стратегиясын жасау - оқуға түсудің маңызды екінші қадамы. Өз қаражатыңызды, университеттік стипендияларды, мемлекеттік және жеке гранттарды, оқу кезінде жұмыс істеуді және тағы басқа мүмкіндіктерді қамтитын қаржыландыру стратегияңызды жасаңыз.
3-қадам: Құжаттар пакетін жинаңыз
Жоғары оқу орындарында талапкерлерге әр түрлі талаптар қойылуы мүмкін. Сіздің университеттеріңіз үшін барлық құжаттардың тізімін мұқият және дәл жинау өте маңызды. Содан кейін оларды қабылдау комиссиясының қарауына жіберіңіз.
4-қадам: Студенттік визаға өтініш беру
АҚШ-тағы университетке түскеннен кейін университеттен құжаттарды алып, студенттік визаны алуыңыз керек.
5-қадам: Кетуге дайын болыңыз
АҚШ-та оқуға дайындықтың соңғы қадамы - EducationUSA бағдарламасының алдын-ала бағдарлауына қатысу, онда сіз американдық мәдениеттің ерекшеліктері, студенттік өмір және шетелдік студенттерге қойылатын заңды талаптар туралы білетін боласыз.